7 мемқызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атырау облысында 17 мың 496 мемлекеттік қызметші декларация тапсырған. Ал 556 адам кірісін жасырып қалмақ болыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 7 мемқызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал кейбір шенеунік мемлекеттік қызметтен әлдеқашан кетсе де есепте тұрған боп шықты. Қазір кірістер департаментінің мамандары хабарлама жіберіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді 2023 жылдан бастап мемлекеттік, квази мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, кітапханашылар және соларға теңестірілгендер декларация тапсырады.
«Мұның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып есептеледі. Көлеңкелеі экономикамен күрес, сондай-ақ табыстардың бірізділігін, жүйелілігін тексеруге болады. Шетелдерде жасырылғар табыстарды анықтауға мүмкіндігін тигізеді», - деді облыстық кірістер департаментінің басқарма басшысы Нұрболат Сарманов.