Бибісара Асаубаева Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол екінші жыл қатарынан блицтен чемпион атанып отыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық 18 жастағы шахматшы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атандым. Өткен жылы чемпионатты сенімді жеңдім, биыл ондай емес. Енді аздап демалып, отбасыммен бірге болғым келеді. Оларды қатты сағындым», - деді Бибісара Асаубаева баспасөз мәслихаты кезінде.