2023 жылы елімізде жанар-жағармай бағасы өсе ме?

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл сұраққа Энергетика министрі жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

2023 жылы елімізде жанар-жағармай бағасы көтеріліп кетпей ме? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр жанар-жағармай бағасы маңызды сұрақтың бірі екенін атап өтті.

«Қазіргі бұйрықтың күші 2023 жылғы 9 қаңтарда аяқталады. Шешімге сәйкес АИ-92, АИ-93 және дизель отынының бағасын өзгертпейміз. Келесі үш тоқсан бойы қазіргі бағаны сақтап қалу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп қысқа жауап берді Болат Ақшолақов.