Жарылыстар Киев, Харьков, Львов, Полтава және Сумы облыстарында болды
Украина тағы да Ресейдің жаппай шабуылына ұшырады. Елдің барлық аумағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Жарылыстар Киев, Харьков, Львов, Полтава және Сумы облыстарында болды.
Ел астанасы тұрғындарының 40 пайызы, Харьковта бүкіл қала жарықсыз қалды. Басқа аймақтарға электр қуатының ажыратылатыны туралы ескерту жасалды.
Украина билігі зымырандардың бір бөлігін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері ұстап алды деп мәлімдейді. Снарядтың басым көбі Киев пен Одессаның үстіне түскен. Снаряд жарықшақтары тұрғын үйлерге де тиген. Жарақат алған адамдар бар екені айтылды.
Президент Зеленскийдің кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, Ресей Украинаға барлығы 120-дан астам зымыран атқылаған.