Қазақстанда Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы да ауысты

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен: Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Соған сәйкес Нұрлан Орманбетов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан; Қайрат Садықов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.