Валюта бағамы: 29 желтоқсанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Фото: Almaty.tv

Қазақстанның Ұлттық банкі 29 желтоқсанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни бейсенбі күні доллар бағамы бір теңгеге қымбаттап, 461,23 теңге болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 460,62 теңге болып бекітілген еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,49 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 464 теңгеден сатып алынып, 468 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 461,23 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 490,52 (еуро)

RUB / KZT – 6,49 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 24,65 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 66,14 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,38 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,14 (өзбек сомы).