Елімізде 93 әйел отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Агрессорлардың 97,6%-і денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген

Фото ашық дереккөзден

Соңғы 10 айда елімізде тұрмыстық салада 841 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,9%-ке аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Агрессорлардың 97,6%-і денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген. Елімізде 93 әйел отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды.

Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстары да көш бастап тұр.