28.12.2022, 15:47
Жаңалықтар
Қытай 8 қаңтардан бастап туристер үшін карантинді алып тастайды
Туристерге ұшудан 48 сағат бұрын COVID-19 ПТР-сынамасын тапсыру қажет
Фото: ашық дереккөзден
Қытай 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап елге шетелден келетін туристер үшін карантинді тоқтатады. Бұл туралы елдің Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қытайға келген адамдар кетерден 48 сағат бұрын ПТР-сынағынан өтуі керек. Теріс нәтиже болған жағдайда олар ҚХР - ға елшіліктен немесе консулдықтан денсаулық кодын сұрамай-ақ кіре алады», - делінген хабарламада.
Қазір Қытайға келушілер орталықтандырылған карантинде бес күн және үйде үш күн оқшаулануы керек.
Желтоқсан айының ортасында Қытайда коронавирус ауруының жаңа өсімі басталды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді