Қазақстанда екі жарым мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

8 адамның жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2 621 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  8 адамның жағдайы ауыр,
  •  6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 231, коронавирус белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдықты.