Антонио Гутерриш Украинадағы қақтығысқа делдал болуға дайын – БҰҰ

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол бұған барлық тарап келісім берсе ғана баратынын айтты

 

©ТАСС

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Украинадағы қақтығысқа барлық тарап келіскен жағдайда ғана делдал болуға дайын, деп хабарлады Azattyq Ruhy агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік ұйым Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулебаның Киевтің ақпан айының соңына дейін БҰҰ-да Бас хатшының делдал ретінде қатысу мүмкіндігімен «бейбіт саммит» өткізу туралы бастамасына түсініктеме берді.

Тақырыпқа орай: Соғыстың басталғанына 1 жыл: Киев «Бейбітшілік формуласы» саммитін өткізбек

«Бұрын Бас хатшы бірнеше рет айтқандай, ол барлық тарап оның делдал болғанын қаласа ғана делдал бола алады», - деп атап өтті БҰҰ.