19 адам хабар-ошарсыз кетті
Филиппиннің оңтүстік және шығыс провинцияларында нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты, 19 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы Мемлекеттің Азаматтық қорғаныс өкілдері хабарлады. Құтқару операциясына Жағалау күзеті қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Euronews ақпараттық агенттігінің жазуынша, табиғи апат Рождество мерекелерімен сәйкес келгендіктен, оқиға күні көптеген филиппиндіктер қоғамдық орындарда немесе туыстрымен бірге болған.
Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің хабарлауынша, 46 мыңға жуық адам эвакуациялық орталықтардан пана тапқан.
Ғалымдардың пікірінше, Филиппин климаттың өзгеруінің бейім елдердің қатарына жатады. 7600-ден астам аралдан тұратын архипелагта жылына орта есеппен 20 тропикалық дауыл болып тұрады.