Мектеп оқушылары қысқы каникулда неше күн демалады

Автор: Azattyq Rýhy

Осы аптада оқушылар екінші тоқсанды аяқтап жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Оқушылардың қысқы демалысы 8 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушылары қысқы каникулға 3 желтоқсаннан бастап шығады.

«Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, осы аптада қазақстандық мектеп оқушылары сегіз аптаға созылған екінші тоқсанды аяқтап жатыр.

Жалпы алғанда, биылғы оқу жылының ұзақтығы 2-11 сынып аралығындағы балалар үшін 36 аптаға, 1-сынып оқушылары үшін 35 аптаға созылады.