Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл автокөлік пен эвакуатор өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Болжам бойынша, өртке көліктің техникалық ақауы себеп болған

фото: видеодан скрин

Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл автокөлік пен эвакуатор өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Автокөліктің өртенуі 23 желтоқсанда Кербұлақ ауданындағы Арқарлы тау асуында (Алматы-Өскемен автожолының 144 км) орын алғанын хабарлаймыз. «Hyundai Genesis gv80» автокөлігін тасымалдаған «Mercedes Bens sprinter» эвакуаторын өрт шарпыған», - деп хабарлайды Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.