Екі бала да жедел жәрдеммен ауруханаға жэеткізілді
Павлодар облысында 2 және 4 жастағы балалар үшінші қабаттан құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы мәлімдеді.
Екі бала да облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Оқыс оқиға туралы қоңырау Қалқаман кентінен сағат 12:48-де түскен. Жедел жәрдем бригадасы 6 минутта жетті.