Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады
Астана мен Көкшетау қаласы арасындағы жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Бұған қоса Ақмола өңірінде Зеренді кентінен Атбасар қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.