$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ғасыр өтсе де еске салып тұрады»: Абзал Құспан «Тағзым» мемориалы жайлы

Алматыда «Тағзым» мемориалы ашылды

«Ғасыр өтсе де еске салып тұрады»: Абзал Құспан «Тағзым» мемориалы жайлы

Алматыда бой көтерген «Тағзым» мемориалы қаңтар айындағы қайғылы күндерді ғасыр өтсе де еске салып тұрады. Бұл туралы белгілі адвокат Абзал Құспан Azattyq Ruhy тілшісіне берген пікірінде мәлім етті.

Адвокат өз сөзінде қаңтар айында болған қаралы күндердегі ұлт рухын ерекше атап өтті.

«Халқымыздың патриоттығы және бірлігіміздің арқасында қайғылы көріністің өршіп кетуіне жол берілмеді деп есептеймін. Жағдайдың қиындығына қарамастан белсенді азаматтар кеудесін оққа тосып, өз өмірін қауіпке ашық түрде тігіп, елдің амандығы үшін барын салды. Оны біз көрдік. Бұл бірліктің арқасы», - деді адвокат.

Сонымен қатар, ол Алматыда салынған «Тағзым» мемориалын келешек ұрпақ қастерлеп өтсе деген тілегін білдірді.

«Бұл оқиға бәрімізге үлкен сабақ болуы керек. Бүгінгі тұрғызылған кешен сол бір қасіретті күндерді еске салып тұратын тарихи кешен ретінде ғана есте қалса екен деймін. Арада 100 жыл өтсе де, болашақ ұрпақ осы мемориалды көріп, содан сабақ алса екен деген тілегім бар», - деді Абзал Құспан.

Серіктес жаңалықтары