Мұғалімдер сыйлыққа iPhone 13 Pro Max смартфондарын алды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы биыл 6 қазан мен 1 желтоқсан аралығында TikTok-та өз пәні бойынша танымдық бейнероликтерді жариялау арқылы білім мазмұнын насихаттаған үздік мұғалімдерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мұғалімдер сыйлыққа iPhone 13 Pro Max смартфондарын алды. Байқау қорытындысы бойынша «Ең креативті мұғалім», «Мұғалім - жаңалық» және «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Сіздер интернет беттерінде қазақ тілінде білім беру контентін жасап, оны насихаттап жүрсіздер. Біз үшін білім саласын танымал ету, оны дамыту маңызды. Елімізде әлеуметтік желіні пайдаланатын мұғалімдер көп, соның арқасында еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалар онлайн форматта жаңа білім ала алады. Жетекші TikTok платформасының өкілдері ұстаздарымыздың бастамаларын жоғары бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін байқаулар ұйымдастырып жатқаны қуантады. Бұл - Tiktok платформасында білім беру мазмұнын бірлесіп ілгерілетуге қосымша ынталандыру», - деп айтты ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.