STEM Academia мұғалімдерге арналған айрықша байқау өткізбек
Байқау мақсаты – мұғалімдердің қазіргі заманғы интерактивті бағдарламаларды қолдану дағдыларын жетілдіру
STEM Academia компаниясы еліміз бойынша физика, химия және биология мұғалімдеріне арналған онлайн байқау өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Оқытуда интерактивті технологияларды практикалық қолдану» тақырыбына арналған онлайн-байқауда жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады. Атап айтқанда:
- 1-орынға – Apple MacBook ноутбугы;
- 2-орынға – Iphone;
- 3-орынға – планшет;
- сонымен қатар ерекше көзге түскен қатысушыларға смарт-сағат сыйланады.
«Байқаудың басты мақсаты – мұғалімдердің қазіргі заманғы интерактивті бағдарламаларды қолдану дағдыларын жетілдіру. Осы дағдылар арқылы мұғалімдер дайын материалдарды пайдалана отырып, оқу материалдарын әзірлеу уақытын қысқартады. Сонымен қатар модельдерді, сондай-ақ анимацияны пайдалану арқылы ғылым туралы түсініктерін кеңейтеді және оқушылардың қызығушылығын оята алады, пән сабақтарын жаңа, қызықты форматта өткізуге мүмкіндігі болады, студенттермен тікелей қарым -қатынас жасайды», - дейді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы ережелер аталған байқаудың мақсаттары мен міндеттерін және орындалу ретін айқындайды. Байқау мектеп аясында оффлайн немесе онлайн форматта мектеп мұғалімдері мен оқушылары арқылы өткізіледі.
Жеңімпаздарды тәуелсіз комиссия анықтайды. Іріктеудің негізгі критерийлері: шығармашылық, мазмұны, презентация сапасы, көрсетілген шарттарға сәйкестігі.
Байқау басталған күннен бастап жеті (7) күн жалғасады. Осы кезеңде интерактивті бағдарламалар мен оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып және барлық сынып оқушылары қатысуымен толыққанды бейне сабақты түсіріп, көрсетілген поштаға жіберу қажет.
Байқауға биология, химия, физика пәндері бойынша орта және жоғары сынып мұғалімдері қатыса алады. Сабақтың тақырыбын мұғалім өз бетінше таңдайды.
Байқауға қатысу үшін:
- 1. Instagram әлеуметтік желісінде біздің ресми парақшаға жазылу керек: @stem_academia ;
- 2. Байқау туралы жарияламаны stories-ке салып, репост жасаңыз және ұйымдастырушылардың парақшасын белгілеңіз (@stem_academia);
- 3. Мектеп мұғалімі ретінде мекемеде ресми жұмыс істеуіңіз керек.
Ұйымдастыршылар байқау шарттарына сәйкес, өтінімдер мен бейнематериалдар қатысушының деректерін (аты-жөні, байланыс телефоны, оқу пәні, оқу орнының атауы) толық көрсете отырып, тек қана белгіленген мерзімдерде қабылданатынын ескертеді.
Қосымша ақпарат конкурстың telegram-каналында: ( https://t.me/stem_academia) жарияланады.
Видео-сабаққа қойылатын талаптар:
- 1. Бейне сабақты өткізу кезінде міндетті түрде интерактивті бағдарламаны пайдалану керек (интерактивті бағдарлама сіздердің таңдауыңыз бойынша);
- 2. Бейнесабақ қолайлы дыбыс/жарық сапасымен жазылуы керек;
- 3. Қатысушы сабақтың тақырыбын/бөлімін өзі таңдайды, тақырып МЖБС (ГОСО) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек, сонымен қатар толық ашылады;
- 4. Бейнесабақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілуі мүмкін;
- 5. Бейнероликтің ұзақтығы кемінде он (10) минут және он бес (15) минуттан аспауы керек;
- 6. Бейнесабақты жазу аудиторияда немесе онлайн режимінде (мысалы: ZOOM конференциясы) және студенттердің қатысуы міндетті;
- 7. Бейнені оңай түрде өңдеуге (дыбысты теңестіру, кадрды реттеу және т.б.) рұқсат етіледі;
- 8. Қатысушы туралы ақпарат жазылған бейнероликті мына электрондық пошта арқылы жіберу керек (ceo@stem-academia.com). Сонымен қатар өзіңіздің Youtube арнаңызға жүктеп, сілтемесін жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз немесе +7 (700) 088-01-36 | +7 (700) 088-01-37телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.