20 жыл бұрын шығарылған жеңіл көліктер Алматы облысы, Алматы қаласы және Қарағанды облысында басым
2022 жылғы қазанда елімізде есепке 106,3 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,9% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 34,7%-ға, жүк автомобильдері – 46,3%-ға артты, автобустар – 9,1%-ға азайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мәселен, 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 389,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы – жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы – жүк автомобильдері және 2%-ы – автобустар.
«Республикада жеке тұлғаларының меншігінде 3 634,4 мың жеңіл автокөлік бар. Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (472,7 мың бірлік), Алматы қаласының (433,1 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (272,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі», - делінген хабарламада.
20 жыл бұрын шығарылған жеңіл автомобильдер Алматы облысы (318,2 мың бірлік), Алматы қаласы (177 мың бірлік) және Қарағанды облысында (155,7 мың бірлік) басым. Одан жаңалау және шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (43,4 мың бірлік), Астана қалаларының (39,9 мың бірлік) және Қарағанды облысының (16,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.