Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Тұңғыш Президент саябағының алдында, Республика Сарайының алдында, Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша Таугүл ш/а және Шұғыла ш/а, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында мұз айдыны ашылды», - делінген Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында.
Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданында «Гүлдер» саябағында мұз айдындары ашылады.
Кіру – тегін. Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.