$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Toyota көліктері Қазақстанда құрастырылуы мүмкін бе?

ҚР СІМ Toyota елімізде бәсекеге қабілетті бола алмайды деп санайды

Toyota көліктері Қазақстанда құрастырылуы мүмкін бе?
Фото ашық дереккөзден

Toyota компаниясы Ресейден Қазақстанға көшірілуі мүмкін бе? Бұл сауалға Сыртқы істер министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың сөзінше елімізде аталмыш компанияның ашылуы жоспарда жоқ. Оның айтуынша, компаниядағы машиналардың құны біздің нарық үшін тым қымбат. Сол себепті Toyota компаниясымен келіссөздер жүргізудің еш ыңғайы жоқ.

«Қазір Қазақстанда Kia, Hyundai, JAC секілді компаниялардың дамуын ескерсек, Toyota бәсекеге қабілетті бола алмайды деп ойлаймын. Брендтің келуі ылғи да басымдық немесе тиімді бола бермейді», - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Өз сөзінде компания Қазақстанда автомобильдер шығаруға тырысқанын, бірақ нарық олардың құнын қабылдамағанын қозғап өтті. Toyota машиналары бізде 2014 жылдан 2016 жылға дейін шығарылған болатын.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Toyota зауыты бар, онда жылына 100 мың көлік шығарылады. Компания қазір қызметкерлерінің басым бөлігін жұмыстан шығарды, ал бұл істі 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары