Владислав Челахтың арызы Бас прокуратураға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

«Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың мәлімдемесі Бас прокуратураға түскен. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Арыз Бас прокуратураға түсті. Біз оны ары қарай зерттейміз. Өйткені істің қозғалғанына он жыл болғанын білесіздер. Қажет болса, одан жауап алынады», - деді Т. Тәшімбаев брифингте.

Бұған дейін Владислав Челах Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдірген болатын. Ол өзінің кінәсіз екенін айтып, ісіне қатысты тергеуді қайта бастауды сұраған еді.