Елімізде кәсіпорындар жұмысшылардың 4,6 млрд теңге жалақысын бермей келген

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері елімізде 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғалды

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 855 кәсіпорнында 19,7 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 670,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 865 нұсқама беріліп, 140,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленді.