Республика бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді
Синоптиктер 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атлантикалық циклонның терең жырасы мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-ның басым бөлігінде жаяу бұрқасын болып, қар жауады, түнде шығыстың таулы аудандарында қалың қар жаууф мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Тек елдің батысында, оңтүстік-батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталуы мүмкін.
Республика аумағы бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, шығыс жартысында жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап қар жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -19-21, күндіз -17-19°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз -2-4 °С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында қар жауады. Батыстан соғатын жел секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз -1+1°С болады.