Қарағанды облысында жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізушілер мен жолаушыларға алыс сапарға шықпауға кеңес берілді

Қарағанды облысында  күн райының бұзылуына байланысты барлық автокөліктер үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейін және Теміртау ААП-нен Қарағанды қаласына дейін автокөлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Республикалық автожолдар желісінде 560-қа жуық арнайы техника мен 900-ден астам жолшы-мамандар жұмыс істеуді жалғастыруда.

«Қарағанды өңірінде ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушыларды алыс сапарға шықпауға және тасжол учаскелерінде қозғалысты шектеу туралы хабарламаларды жіті бақылауға шақырамыз», - деп көрсетті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.