Журналист Козачков 2 ай мерзімге қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті шешімді Алматы тергеу соты қабылдады

Фото ашық дереккөзден

Журналист Михаил Козачков 2 ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тиісті шешімді Алматы тергеу соты қабылдады.

Сот екі ай мерзімге – 18 ақпанға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Козачковтың ұсталғаны 18 желтоқсанда белгілі болды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа рейдерлік шабуыл жасауға көмектесті деген күдікке ілінгені хабарланды.