Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көбірек тұтынады – зерттеу

Автор: Мира Байбек

Ел тұрғындары әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша жұмсайды

© Sputnik

Қазақстандықтардың тұтынушылық шығындарында азық-түлік үлесі 50,8% құрайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП талдау қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарапшылар қазақстандықтардың әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша (17%) жұмсайтынын атап өтті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар мына азық-түлікті көбірек тұтынған:

  • сүт өнімдері (тоқсанына орта есеппен жан басына шаққанда 56,3 кг);
  • нан өнімдері және жарма өнімдері (31,7 кг);
  • жемістер (26 кг);
  • көкөністер (22 кг);
  • ет және ет өнімдері (19,3 кг).

«Халықтың аз қамтылған бөлігі ауқатты тұрғындармен салыстырғанда, балық пен теңіз өнімдерін 4,5 есеге, ет пен ет өнімдерін 3,5 есеге, сүт пен сүт өнімдерін 3,4 есеге аз тұтынады», - дейді мамандар.