Қазақстандық полицейлер Польшадан келген саяхатшыларға көмек көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Күннің суығына байланысты шетелдік туристер жолға шыға алмай

фото: Polisia.kz

Қазақстандық полицейлер Польша мемлекетінен келген саяхатшыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Төретам кентіне Польша мемлекетінен Өзбекстан Республикасына велосипедпен туристік сапармен кетіп бара жатырған Польша елінің азаматтарына күннің суық болуына аталған бағытқа қарай жетулеріне көмек көрсетілді. Польша елінің 5 азаматы Төретам кентінен велосипед арқылы Өзбекстанға қарай бармақшы болған. Алайда күннің суық болуына байланысты олар жолға шыға алмай Төретам кентінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері шетелдіктерге көрші елге қалай жетуге болатынын айтып, велосипедтерімен бірге автобусқа отырғызып көмек көрсеткен.

Олар өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.