Бұған қоса бір адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 11 адам ауыр жағдайда аруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 11 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2 190 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.