2 мыңнан астам адам аталған індеттен емделіп жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 18 желтоқсандағы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министрліктің мәліметі бойынша, өткен тәулікте 140 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
2 190 адам коронавирус инфекциясынан (–2 083+ және 107 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.