Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды

фото: Polisia.kz

Қызылордада ер адам көпірден секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті.

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тегтер: