Алматы облысында есірткі таратқан жас жігіт ұсталды
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» екені анықталды
Алматы облысы Қарасай ауданында 18 орам психотроптық затпен 20 жастағы алматылық жігіт қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ер адамның әрекеттері полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды. Тыйым салынған заттар мен құралдардың бар жоғы жайында қойылған сауалға, жас жігіт, жалға алған көлігінің багаж бөлімінде синтетикалық есірткі орамдарды жасырылғанын айтып бірден кінәсін мойындаған.
Автокөлікті тексеру барысында тергеушілер ұнтақ заты бар 18 орамды тапқан.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1 және 3 - тармақтары, яғни «Психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, адамдар тобын алдын ала сөз байласу бойынша, психотроптық заттарға, олардың аналогтарына қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау» қылмыс құрамы бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді.
Ұсталған азамат, қылмыстық құдалау органымен, ҚПК-нің 128 бабы сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Тергеуші тағайындаған сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған психотроптық зат, жалпы салмағы 9 кг-нан асатын «мефедрон» екені анықталды. Аталған қылмыстық істі тергеу Алматы облысы, Қарасай ауданының ПБ-ның тергеушілеріне тапсырылды. Қылмыстық істі тергеу барысы Алматы Облысы ПД-нің бақылауында», - делінген ведомствоның хабарламасында.