$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жоқ пәтерлерді ұсынып жатыр: Алматы әкімдігі тұрғындарды ескертті

Қазіргі таңда құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеру басталмақ

Жоқ пәтерлерді ұсынып жатыр: Алматы әкімдігі тұрғындарды ескертті
krisha.kz

Алматы әкімдігі қалада  заңсыз үй салып жатқан компанияға алданып қалмауды ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгінде krisha.kz сайтында Graff премиум класты тұрғын үй кешенінің пәтерлері сатылып жатыр деген хабарлама тұр. «Қарағайлы құрылыс» ЖШС қолма-қол есеп айырысудан бастап ипотекалық несиелеуге дейінгі сатып алудың түрлі нұсқасын ұсынып та жатыр. Бірақ, әкімдік мұның барлығы заңсыз екенін ресми мәлімдеді.

"Тұрғын үй кешінінде жобалау алдындағы құжаттама алынбаған, авторлық және техникалық қадағалау жоқ, жер телімі үй салуға емес, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған. Қазіргі таңда қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастайды",- деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімдігі.

Айта кетейік, қаладағы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін ескертеді. Мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісі арқылы білуге болады.

Серіктес жаңалықтары