Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
22 ақпан күні еліміздің басым бөлігіне жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қагидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, яғни, жаңбыр аралас қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал еліміздің орталық және шығыс бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен қар жауады. Сондай-ақ, жексенбі күні кей аймақта екпіні қатты боран соғып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Сонымен атап айтсақ, Жамбыл облысының кей аумағына тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с деп күтіледі.
Түркістан облысының кей аумағында тұман болып, түнде найзағай болуы мүмкін, желдің күші 15-20, түнде және таңертең 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, түнде Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23 м/с артады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел екпіні 25 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей тұсына тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел екпіні 5-20 м/с болуы мүмкін.
Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман болуы ықтимал.