16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы мұражайда «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді.
15 желтоқсан – Ғалымдар үйінде қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция болады.
16 желтоқсан – Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүлшоқтары қойылады.
17 желтоқсан – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылады.