Сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді
16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның ХҚО-лары мен арнайы ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» хабардар етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«17-18 желтоқсан демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 17 желтоқсан сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз», - делінген хабарламада.
Ал 19 желтоқсан – дүйсенбіден бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс жасайды.
Естеріңізге сала кетейік, әдетте дүйсенбі мен жұма аралығында ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.