Ердоғанның басты қарсыласы саналатын Стамбул мэрі сотталды

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Түрік соты оны билік өкілін қорлағаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырды

REUTERS

Билік өкілін қорлағаны үшін Стамбул қаласының мэрі сотталды. Ол бұл үкімді негізсіз  және өзін президенттік сайлауға жібермеудің әдісі деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Стамбул мэрі қазіргі президент Ердоғанмен нақты бәсекелесе алатын бірнеше оппозиция жетекшілерінің бірі саналады. Түрік соты Экрем Имамоглуды билік өкілін қорлағаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың анықтауынша, Имамоглу 2019 жылдың наурызында Стамбул мэрі сайлауының нәтижелерін жойған шенеуніктерді ақымақ деп атағаны үшін қылмыскер саналған.

Олар сайлауда президенттік Әділет және даму партиясының кандидатын жеңді. Бұл Стамбулдағы сайлауды екі рет өткізуге тура келген еді. Біріншісінде Имамоглу сәл ғана басымдықпен жеңіске жетсе, екіншісінде айқын жеңген. Билеуші партия дауыс беру және санау кезінде жіберілген заңбұзушылықтар туралы бірнеше шағым түсірген соң дауыс санау қортындысы жойылған болатын. Соның нәтижесінде сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізуге шешім қабылдады және Имамоглудың сенімді жеңісі Түркияның ең ірі қаласында Әділет және даму партиясының 25 жылдық билігін аяқтады.

Іс мэрдің 2019 жылғы алғашқы жеңісінен кейін айтқан сөзіне негізделген. Имамоғлу Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың сөзіне жауап ретінде шенеуніктерді ақымақ деп атаған.

Егер апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырса, бұл Имамоглудың саяси мансабының аяқталуын, соның ішінде келесі жылы президенттік сайлауға қатыса алмауын білдірмек.

Сот үкімінен кейін жариялған бейнехабарламасында Имамоглу сот шешімін менсінбей, «Бірнеше адамның халық беретін билікті өз мойнына алуға құқығы жоқ» деп мәлімдеді.

Имамоглу үкімге шағымданбақ және ол қаралғанға дейін өз қызметінде қала бермек. Бірақ оны президенттік сайлауға түсу құқығынан айыруы мүмкін.

Бұл оппозициялық үміткерді таңдауды қиындатады, өйткені сауалнамаларға сәйкес, Стамбул мэрі 2014 жылдан бері тақта отырған Түркияның қазіргі президентін жеңе алатын негізгі кандидаттың бірі саналады.