$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Валюта бағамы: 15 желтоқсанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Валюта бағамы: 15 желтоқсанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
depositphotos.com

Қазақстанның Ұлттық банкі 15 желтоқсанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни бейсенбі күні доллар бағамы аздап арзандап, 468,52 теңге болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 469,35 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7,4 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 469 теңгеден сатып алынып, 472 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 469 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 468,52 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 499,49 (еуро)

RUB / KZT – 7,4 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,13 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 67,25 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,52 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,16 (өзбек сомы).

Серіктес жаңалықтары