Тек еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында қар жаууы мүмкін
Синоптиктер 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша антициклон әсер ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады. Сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Сонымен қатар оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман түсуі ықтимал.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22-24, күндіз -13-15 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 0 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метрлік жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз -6-8 градус болады.