$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұмыс орнын тастап кеткен әскери қызмет басшылары қанша жылға сотталады

Шілде айында Қылмыстық кодекске нақты бап енгізілген

Жұмыс орнын тастап кеткен әскери қызмет басшылары қанша жылға сотталады
Фото: voxpopuli.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Бас прокуратура өкіліне қызметтік орнын тастап кететін әскери қызметшілердің жауапкершілігіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Депутат Ерлан Саиров Бас прокуратура өкіліне сауал жолдады.

«Қасіретті қаңтар кезінде Талдықорған, Жамбыл, Қызылорда облыстарында құқық қорғау басқармасының басшылары өздерінің қызметтік орнын тастап кетті. Осы басшыларға қатысты қандай шара қолданылды. Ол шаралар жөнінде қоғам қашан біледі?», - деп сұрады Ерлан Саиров.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев қаңтар оқиғасы бойынша ай сайын тиісті ақпарат беріліп оытратынын айтты.

«Жалпы, сіз көтеріп отырған мәселе бойынша, құқық қорғау органдарының әскери қызметшілерінің қызметтік орындарын тастап кету бойынша осы жылғы шілдеде заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Адам өміріне қауіп төніп тұрған кезде немесе оның мүлкіне шабуыл жасау кезінде әскери қызметшілердің өз орнын тастап кетуі, өз өкілеттігін пайдаланбауы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Ондай басшылардың қылмыстық жауапкершілігі көрсетіледі. Ол бұған дейін де болған, алайда енді  нақты бап енгізілді. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - деді Жандос Өмірәлиев.

Айта кетейік,Мәжілістің жалпы отырысында «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасында әскери полицияның міндеті, құзыреті, құрылымы, өкілеттігі, өзара іс-қимыл жасауы өзгертіліп, функциясы заңмен бекітіледі.Әскери полиция органының әлеуетті ведомствоға қатысы, бағыну тәртібі, олардың өзара және басқа да меморганмен іс-қимыл жасау тәртібі реттеледі. Бірдей қолданып, түсіну үшін «қызметкер» ұғымы «әскери қызметші» ұғымымен ауыстырылады. Әскери полиция органының «саяси партиядан дербес болу» қағидаты енгізіледі», - деп айтты Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов.

Қаруды, арнайы құралды, адам күшін қолдану реттеледі.

« Сонымен қатар «Қылмыстық процестік кодекске әскери қызмет туралы», «Қорғаныс және қарулы күштері туралы», «Құқық бұзу профилактикасы туралы», «Адамдарды арнайы мекемеде, әуежайда ұстау тәртібі» туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.Заң жобасында Қылмыстық процестік кодекске редакциялық өзгеріс енгізіліп, төтенше жағдай әскери қызметшісінің тергеуде болуы туралы нормамен толықтырылады», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары