$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда қалған ресейліктердің саны белгілі болды

Мобилизация басталғалы елімізге 800 мыңнан аса ресейлік келген

Қазақстанда қалған ресейліктердің саны белгілі болды
Фото ашық дереккөзден

ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов елімізде 298 мыңға жуық Ресей азаматы бар екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ішінара мобилизация жарияланғаннан бері Қазақстанға 837 мың адам келіп, 780 мың адам кеткен. Бүгінгі таңда елімізде түрлі себептермен 298 мыңға жуық ресейлік жүр. Оның ішінде 30 мың адам келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді, соның негізінде уақытша тұруға тіркелген. Қазақстанда 20 мыңға жуық студент оқиды», - деп атап өтті Ілияс Испанов.

Сонымен қатар кейбір Ресей азаматтары Қазақстанды транзиттік ел ретінде пайдаланады.

«21 қыркүйектен бері 198 мыңға жуық адам осы жолмен басқа елдерге ұшып кеткен», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары