Оқиғаны Жетісу облысының Полиция департаменті растады
Талдықорғанда ер адам көлігінде отырып, өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл оқиғаны Жетісу облысының Полиция департаменті растады.
«13 желтоқсанда Талдықорған қаласының «Көктем» шағын ауданында өзінің «Toyota HILUX PICK-UP» автокөлігінің ішінде 47-жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Болжам бойынша, ер адам атыс қаруын қолданып өзіне қол жұмсаған. Дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның барысында барлық мән-жайлар анықталады», - делінген хабарламада.