Атырауда 13 автобус арнайы тұраққа қойылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Қалада бір апта ішінде такси мен автобус жүргізушілері 1214 рет құқық бұзған

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс -шарасы өтті. Басты мақсат жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтау,жолаушылар тасымалы мен қауіпсіздігін арттыру қажеттілігіне аудару болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс департаменті хабарлағандай, іс-шара кезінде, яғни 5-11 желтоқсан аралығында автобус және такси жүргізушілеріне қатысты 1214 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

  • көлік құралын рұқсатсыз жабдықтаған-33;
  • заңсыз жолаушы тасмалымен айналысқан-4;
  • демалу режимін бұзған-7;
  • техникалық талаптарды бұзу-169;
  • рейс алдында техникалық және медициналық тексерістен өтпеу-23;
  • көлік құралын ұялы телефон қолдана басқару-114;
  • жылдамдықты шамадан тыс асырған-148 ;
  • маневр қағидасын бұзу-136;
  • жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 3 жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар арнайы тұраққа 13 автобус қойылып, 27 қоғамдық көліктің техникалық талаптарға сай келмеуінен және көлік құралын басқарудан шеттету бойынша мемлекеттік белгілері түсірілді.

Сондай-ақ, автобустарда өрт қауіпсіздігін артыру мақсатында 1560 автобустардың жылыту жүйелері тексерілді.