Үндістан делегациясын ҚР Президенті қабылдайды
Астанаға іскерлік сапармен үндістандық «Adani Group» конгломератының басшысы Гаутам Адани келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі мәлім еткендей, Үндістан делегациясын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен және де орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер жоспарланып отыр.
«Тараптар логистика, энергетика, мұнай-химия және т. б. салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 2022 жылғы қарашада «Adani Group» жалпы нарықтық капиталдандыруы рекордтық $280 млрд-қа жетті (2015 жылғы $16 млрд-тан 17 есе өсім).