Семейде жылу жүйесінен ақау шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Соның салдарынан үйлердегі жылу азайтылды

Фото ашық дереккөзден

Семей қаласындағы шағын аудандардың бірінде жылу жүйесінде ақау шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 желтоқсан күні сағат 4:00-де «Энергетик» шағын ауданындағы жылу жүйесінен ақау шыққан. Соның салдарынан үйлердегі жылу азайтылды.

«Теплокомэнерго» КММ мамандары бірден сол жерге келіп, жөндеу жұмыстарын қолға алды. Жылу тез арада қалпына келтіріледі. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына барлығы 12 адам тартылған», - делінген хабарламада.