Елімізде соңғы тәулікте 218 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ, 11 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте 218 адам коронавирус инфекциясына, 11 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 725 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 215 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.