Видео Telegram-да таралған
Telegram-да Алматы вокзалында теміржолда тұрған танктердің видеосы таралды. Онда әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені айтылған. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Stopfake.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Әлеуметтік желілерде Алматы қаласында теміржол станциясында тұрған бронетехниканы тасымалдау туралы жарияланымға қатысты, бронетехника күрделі жөндеуден кейін одан әрі пайдалану үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілгенін хабарлаймыз», – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.