«Табысымыз 2015 жылдан бері көтерілмеді»: Берқалиев қоғамдық көлік мәселесін қозғады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол автобус сатып алу инфляцияға қатысты қатты қымбаттағанын айтты

Фото ашық дереккөзден

«AMANAT» партиясы жанындағы көлік және логистика комитетінің отырысында қоғамдық көлікті дамыту, халықаралық жүк тасымалындағы мәселелер талқыланды. Жиында «Қазақстан автомобиль конвенті» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Марат Берқалиев жолаушылар тасымалдаушылардың кірісі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ол автобус сатып алу инфляцияға қатысты қатты қымбаттағанын айтты.

«2015 жылдан бері доллар қатты қымбаттады. Ол кезде 185 теңге болатын. Біз 2015 жылғы кіріс пен табыс көрсеткішінде қалып қойдық. Белгіленген тарифтер 5 жылдан 10 жылға дейін өзгермейді. Демек, 2015 жылы болған девальвация есептелмеді. Ол кезде біз автобустарды 18,5 млн теңгеге сатып алсақ, қазір олардың бағасы 47 млн теңгеге қымбаттап кетті. Оның артынан автобөлшектер де қымбаттады. Бізде ешбір бөлшек өндірілмейді. Тек аккумулятор ғана шығарылады. Тарифтер де сол күйі сақталды. Сәйкесінше кіріс те солай қалып отыр», - деді Марат Берқалиев.