Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысады.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.