Жарақат алған жігіт ауруханада көз жұмды
Ақмола облысында Егіндікөл полиция бөліміне Бауман ауылында 49 жастағы ер адам ауылдасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
6 желтоқсанда Егіндікөл полиция бөліміне Бауман ауылының тұрғыны қоңырау шалып, ауылдасы өлтірілгенін хабарлаған. Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол бұрын ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты.
Ер адам жергілікті аудандық ауруханаға «іш қабырғасының тесілген-кесілген жарақаты, іш қуысынан қан кету» диагнозымен жеткізіліп, алған жарақатынан қайтыс болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Бауман ауылының 49 жастағы тұрғыны алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде жас жігітпен жанжалдасып, оған пышақ салған.
Полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауда.